Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісінің көлемін арттырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер мәжілісінде Қазақстанның ақпан айындағы мұнай өндіру квотасы 1,589 млн баррель болып белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер мәжілісі бейнеконференция форматында өтті. Жиында желтоқсан айынлу деңгейі талқыланды. Мәселен, Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі желтоқсан айында 122% болған.

«Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің қазіргі мұнай өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды», - деп жазылған министрліктің мәліметінде.

Мұның ішінде Қазақстанға белгіленген квота да артып отыр.

«Қаңтар және ақпан айларында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота сәйкесінше тәулігіне 1,572 және 1,589 млн баррельді құрайды. 2022 жылғы наурыздағы міндеттемелер тәулігіне 1,605 млн баррельді құрайды», - делінген ресми түсіндірмеде.


Соңғы жаңалықтар