+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында қабылданған міндеттемелерді орындауда

2020 жылғы 5 тамыз 16:52
Бөлісіңіз:
Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында қабылданған міндеттемелерді орындауда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ОПЕК+ қатысушы елдер арасында 2020 жылдың мамыр-шілде айларында мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін ұжымдық қысқарту туралы келісім бойынша жаңа міндеттемелерге қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОПЕК + келісіміне қатысу сұраныс пен ұсыныс теңгерімін және мұнай бағасын қалпына келтіруге бағытталған. Қоймаларда мұнайдың толып кету қаупін болдырмау үшін Энергетика министрлігі орта, ірі және алып кен орындарында өндірісті шектеу туралы шешім қабылдаған болатын. Кен орындарының барлық түрлері үшін мұнай өндіруді қысқарту бойынша міндеттемелерді әділ бөлу көзделді.

Қазақстан өз міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Келісімге сәйкес Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,319 млн баррельді құрайтын. Алдын ала мәліметтер бойынша, шілде айында орташа тәуліктік өндіру тәулігіне 1,313 млн баррель немесе міндеттемелердің 101%-ын құрады. Республика Келісімнің міндеттемелерін орындағаны туралы деректерді ОПЕК + хатшылығына жолдады.

Мәмілеге қатысудың арқасында нарықтың барлық қатысушылары мұнай өндірудің бақыланатын және біртіндеп төмендеуіне қол жеткізді, бұл өз кезегінде әлемдік мұнай саласына оң әсер етіп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT