Қазақстан оңтүстігінде 40 градусқа дейін ыстық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша Қазақстан оңтүстігінде аптап ыстық кемі тағы бірнеше күнге созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27-29 маусым күндері Қазақстанның оңтүстік облыстарында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі», - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Республиканың солтүстігі мен батысында салқын ауа ағындары жаңбыр әкеледі. Салқын ауа ағыны оңтүстікке қарай жылжуына байланысты Қазақстанның орталық және шығыс облыстарында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар