Қазақстан өңірлік нарықты цифрландыруда аймақтағы көшбасшы болуға дайын

Фото: Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан өңірлік нарықты цифрландыруда аймақтағы көшбасшы болуға дайын. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан өңірлік нарықты цифрландыруда аймақтағы көшбасшы болуға дайын. Және де бұл бізге қаржы секторын одан ары цифрландырып, цифрлық теңгені енгізу қажеттігін білдіреді», - деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл ретте адами капитал шешуші рөл атқаратынын баса айтты.

«Бірақ цифрлық трансформацияға кедергі келтіретін де осы – адами фактор. Цифрлық үдерістерді басқару үшін цифрлық сауаттылыққа және білімге баса мән беруіміз қажет екенін түсінуге тиіспіз. Түпкі мақсат – цифрлық өсімге бағдарланған креативті қоғам қалыптастыру. Біздің адамдар жаңа идеяларды қабылдауға, жаңаша ойлау мен жаңа нәрсе ойлап табуға бейімделуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент 2025 жылға қарай елімізде 1 мың біліктілігі жоғары ІТ маман дайындау қажеттігін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар