11:00, 23 Қаңтар 2022 | GMT +6
Қазақстан өңірлерінің басым бөлігі әлі «қызыл» аймақта тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
«Сары» аймақта Түркістан облысы орналасқан.
«Жасыл» аймақта ешқандай өңір жоқ.