Қазақстан өңірлерінде құрбандыққа шалатын қойдың бағасы қанша теңге

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің әр өңіріндегі құрбандыққа шалынатын қойдың орташа бағасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұсынылған бағаға сәйкес елімізде ең қымбат қой Алматыда, ал ең арзаны Таразда сатылады.

Нұр-Сұлтан – 45-55 мың теңге;

Алматы – 75-85 мың теңге;

Шымкент – 50-60 мың теңге;

Семей – 50-60 мың теңге;

Көкшетау – 50-60 мың теңге;

Ақтөбе – 50-60 мың теңге;

Атырау – 60-90 мың теңге;

Орал – 70-80 мың теңге;

Тараз – 30-40 мың теңге;

Талдықорған – 35-45 мың теңге;

Қарағанды – 50-80 мың теңге;

Қостанай – 60-70 мың теңге;

Қызылорда – 55-65 мың теңге;

Ақтау – 50-85 мың теңге;

Павлодар – 55-65 мың теңге;

Түркістан – 50-60 мың теңге;

Жезқазған – 45-80 мың теңге;

Өскемен – 55-65 мың теңге;

Петропавл – 40-50 мың теңге;

Қонаев - 45-50 мың теңге.

Айта кетейік, Құрбан айт мерекесі ертең басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады.

Қазақстандықтар Qurban2022.kz сайты арқылы өтінім бере отырып, онлайн режимде де құрбандық шала алады.

Сондай-ақ, еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сақтық шарасы мақсатында құрбандыққа ветеринарлық анықтамасы бар малды ғана союды ұсынады.


Соңғы жаңалықтар