Қазақстан өңірлері мен Қытай қалалары бауырластық туралы келісім жасасты

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
СИАНЬ. ҚазАқпарат – Қазақстанның үш өңірі Қытай қалаларымен өзара келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Тяньцзинь қаласының Халық Үкіметі Қазақстанда «Лу Бань шеберханасын» құру туралы келісім жасасты.

Ал Шымкент қаласы мен Сиань қаласы бауырластық байланыс орнату жөнінде уағдаласты.

Бауырластық байланыстар/қатынастар орнату туралы келісімге сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы мен Шэньси провинциясы да қол қойды.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында 23 құжатқа қол қойылған болатын.

Мемлекет басшысы ҚХР-ға мемлекеттік сапармен бүгін барды.

Қол қойылған құжаттар арасында өзара визасыз режим туралы келісім, екі ел университеттері арасындағы мәмілелер бар.


Соңғы жаңалықтар