Қазақстан өнеркәсібін цифрландыру: бос қалған жұмысшылар қайда барады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Шетелдік сарапшылар қазақстандық кәсіпорындардың өнеркәсіпті цифрландыруға дайындығын зерттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Фраунгофер атындағы Еуропадағы ірі қолданбалы зерттеулер институтының сарапшылары және Швеция тау-кен кластері мен Нокиа компаниясының мамандарымен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібі ментау-метталлургиялық кешен салаларындағы 600-ден астам кәсіпорынға зерттеу жүргізді», -  деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Кәсіпорындардың дайындығын анықтау Фраунгофер институтының мамандары әзірлеген әдістемемен жүргізілді. Бұл әдістеме кәсіпорынның технологиялық жағын ғана емес, өндірісті ұйымдастыру, менеджмент және стартегиясын және қызметкерлер мен коммуникацияның әзірлігін де бағалауға мүмкіндік береді.

«Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, өңдеу өнеркәсібінде кәсіпорындардың шамамен 20%-ына ғана Индустрия 4.0 технологияларын енгізуге жеткілікті технологиялық, ұйымдастырушылық және кадрлық базаның бар екені анықталды. Тау-кен саласындағы жағдай анағұрлым жақсырақ. Мұндағы көрсеткіш 40%-ды құрады», - деп өз сөзін толықтырды А.Айдарбаев.

Сондай-ақ, автономды роботтандырылған жүйелер, 3D баспа секілді цифрлық технологияларға көшкен соң, қол еңбегінің қажеті болмай қалуы мүмкін. Осыған орай, журналистер вице-министрге қысқартуға түсетін жұмысшылар тағдыры жөнінде сұрақ қойды.

«Бір сарынды ауыр жұмыстарды автоматтандырсақ та, одан босаған адамдар сол кәсіпорында қала береді. Олардың біліктіліктерін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құру қажет. Егер қандай да бір кәсіпорында жұмыс орындарының қысқаратыны белгілі болса, алдын ала шара қабылдаймыз. Бұл үшін түрлі жол карталары әзірленіп жатыр. Сондықтан, уайымдаудың қажеті жоқ», - деп жауап берді ол журналистер сұрағына.

ҚР ИДМ келтірген деректерге сәйкес, қазіргі уақытта ERG, Қазақмыс, АрселорМиттал сынды ірі компаниялар кәсіпорынды цифрландыру бойынша бірқатар элементтерді енгізіп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар