Қазақстан өндірісінің қай салаларында жалақы жоғары

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық өндіріс саласында мұнай-газ және темекі индустриясының жұмысшылары ең жоғары жалақыны алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom.kz мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттік келтірген деректерге сәйкес, олардың орташа айлық жалақысы 700 мың теңгеден асады. Атап айтқанда, мұнай-газ саласында еңбекақы - 716,1 мың теңге болса, темекі өнімдерін шығаратын компания қызметкерлері - 708,1 мың теңге алады.

Сондай-ақ, тау-кен өндірісінде техникалық қызмет көрсетуші мамандар да едәуір көбірек (418,7 мың теңге) еңбекақы алады. Тау-кен өндіру және карьерлерді қазу саласында жұмысшылардың орташа жалақысы 366,2 мың теңгені құрайды.

Түрлі-түсті металл өндіру саласындағы орташа еңбекақы - 261,4 мың теңге, көмір өндірісінде - 242,6 мың теңге, өңдеу өнеркәсібінде - 172,3 мың теңге, электрмен, жылумен, газбен қамту - 148 мың теңге, сумен қамту және кәріз жүйесінде - 104,9 мың теңге.

Жалпы алғанда, өнеркәсіп саласындағы еңбекақы бір жылда 11%-ға өскен.

Соңғы жаңалықтар