+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қазақстан олимпиадашыларға қанша сыйақы береді

2018 жылғы 26 ақпан 02:19
Бөлісіңіз:
Қазақстан олимпиадашыларға қанша сыйақы береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы қысқы Олимпиада аяқтала салысымен қазақстандық спортшылардың қайсысы мемлекеттік сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысы бойынша, Олимпиадаға қатысып, ең кемі 6-орын алған спортшы сыйақы ала алады. Осыған байланысты биыл бұл тізімге Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері, фристайлшы Юлия Галышева мен 6-орын алған шорт-тректен ерлер эстафета командасы ілінеді.

Үкімет қаулысына сәйкес есептегенде Юлия Галышева мемлекеттен 75 мың доллар алады.

Ал шорт-тректен ерлер эстафета командасына (Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов) жалпы 20 мың доллар беріледі.

Одан бөлек, спортшылардың бапкерлері де сыйақы алады. Галышеваның медалі үшін бапкерлерге берілетін 75 мың доллардың 10 проценті бірінші бапкеріне, 80 проценті жеке бапкеріне, 10 проценті осы спорт түрі бойынша ҚР құрама командасының бас бапкеріне беріледі.

Ал шорт-трекшілердің үш бапкеріне жалпы 15 мың долар беріледі.

Қорыта келгенде биыл Қазақстан Олимпиадашыларға 185 мың доллар сыйақы береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Олимпиада-2020,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT