Қазақстан Олимпиаданың медаль кестесінде 59-орында тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының 30 шілдедегі медаль кестесінде Қазақстан жүлдеге ілінген 70 мемлекеттің ішінде 59-орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны өзгермегенімен, командалық есептегі орны күн санап төмендеп барады. Бүгінгі көрсеткіш – 59 орын.

Дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло қоржынға салған үш қоланың санын ертең теннисші Елена Рыбакина көбейтуі мүмкін.

Кеше командалық есепте Жапонияның алдына шыққан Қытай құрамасы бүгін көрсеткішін жақсартып, алтын санындағы айырмашылықты арттыра түсті – 19 алтын, 10 күміс, 11 қола медаль.

Екінші орындағы жарыс иелерінің еншісіндегі «алтын» саны кеше Қытаймен бірдей болатын. Бүгін арада айырмашылық пайда болды – 17 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль бар.

Үшінші орындағы АҚШ құрамасының еншісінде 14 алтын, 16 күміс, 11 қола медаль бар.

Медаль саны бойынша алғашқы ондықта тұрған командалардың қатарына бүгін Нидерланд құрамасы қайта кірді. Ал Италия бірнеше сатыға сырғып кетті. Сонымен, үздік ондықтың қатары мынадай:

1. Қытай - 19-10-11

2. Жапония - 17-4-7

3. АҚШ - 14-16-11

4. Ресей - 10-14-10

5. Аустралия- 9-2-11

6. Ұлыбритания - 6-9-9

7. Оңтүстік Корея - 5-4-6

8. Нидерланд - 3-7-5

9. Франция - 3-5-5

10. Германия - 3-4-9

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы алты Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан болатын.

Жалпы медаль жиынтығы: 21 алтын, 28 күміс, 64 қола медаль.


Соңғы жаңалықтар