Қазақстан оқушылары информатикадан еуропалық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

None
8-14 қыркүйек аралығында қазақстандық құрама Грузияда өткен EJOI-2023 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысты. Мұнда әлемнің 24 елінен 96 қатысушы өзара бәсекеге түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

EJOI халықаралық IOI информатика олимпиадасының ережелері мен стандарттарын ұстанады. Бұл маңызды оқиға, Еуропа Кеңесінің мүше- мемлекеттерінде IT-индустрия элитасының даму сатысы.

Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алды:

Алтын жүлдені Қызылорда қаласындағы С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Мансур Мамадахунов жеңіп алды.

Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Сұңғат Серікбай күміс медальді еншіледі.

Семей қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Әлем Аменов тағы бір күмісті қоржынға салды.

Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Әлішер Алдамжаров қола медаль иеленді.

Құрама жетекшілері: Сатылханов Темірлан Қайратұлы-Astana IT университетінің оқытушысы және Нұрмаш Айдос – халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.


Соңғы жаңалықтар