USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстан өкілдері ЮНЕСКО-ның 75 жылдығына орай салтанатты іс-шараға қатысты

2021 жылғы 14 қараша 03:03
Бөлісіңіз:
Қазақстан өкілдері ЮНЕСКО-ның 75 жылдығына орай салтанатты іс-шараға қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО Бас конференциясының 41-ші сессиясы шеңберінде Қазақстанның Франциядағы Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған арнайы рәсімде сөз сөйледі.

Ұқсас жаңалықтар

Іс-шараға әлемнің 24 елінің мемлекет және үкімет басшылары, сыртқы істер, білім және мәдениет министрлері, сондай-ақ мүше мемлекеттердің елшілері мен тұрақты өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәртебелі жиынға арнаған сөзінде Елші Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту жылында өтіп жатқан іс-шараның ерекше мәні бар екенін атап өтіп, еліміздің тұрақты және прогрессивті мемлекет құрудағы негізгі жетістіктерін атап өтіп, әріптестік рухында ЮНЕСКО шеңберіндегі сындарлы ынтымақтастықтың одан әрі қарышты дамуына үміт білдірді.

Сонымен қатар, ол ЮНЕСКО-ның Бас директоры ретінде жаңа мерзімге сайлануына байланысты Одрэ Азулені құттықтай отырып, Қазақстан басшылығының осы беделді халықаралық ұйым мен оның негізгі органдарының дәйекті жұмысына қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Тұрақты өкіл ЮНЕСКО басшылығын 2022 жылғы қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне шақырды.

Қазақстанның ЮНЕСКО-ның халықаралық тізіліміне мәдени және табиғи мұраның әртүрлі нысандарын енгізу жөніндегі белсенді қызметін атай отырып, Елші Қазақстан Үкіметінің ЮНЕСКО-ның конвенциялық құжаттарына сәйкес өз аумағында Дүниежүзілік мұра ескерткіштеріне кешенді қорғауды қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс атқаруға нық ниетін растады.

Ж. Ғалиев Қазақстанның бастамаларын қолдағаны үшін ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттерге алғысын білдіріп, Дүниежүзілік мұра комитетіне еліміздің 2023-2027 жылдарға арналғанкэ кандидатурасын қолдауға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT