Қазақстан офицерлері БҰҰ департаменттері лауазымдарына тағайындалуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев БҰҰ Бас хатшысының екі орынбасарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, министр БҰҰ Бас хатшысының жедел қолдау жөніндегі орынбасары Атул Харе және бітімгершілік операциялар бағытындағы орынбасары Жан-Пьер Лакруамен пікір алмасты.

Кездесу бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік бойынша бесінші халықаралық симпозиум аясында өтті. Шара барысында ҚР ҚК әскери қызметшілерінің, оның ішінде бітімгерші әйелдердің БҰҰ миссияларына қатысу мәселелері талқыланды.

null

Одан басқа, «Ақылды міндеттемелер» аясында бітімгершілік операцияларға қазақстандық Қарулы Күштердің қатысуын әртараптандыру мәселесі талқыланды. Бұл тұрғыда Қазақстан жақын арада БҰҰ бітімгершілік әлеуетінің әзірлігі жүйесінде мамандандырылған бітімгершілік бөлімшелерді ұсынуға ниетті.

null null

Сондай-ақ ұлттық бітімгершілік бастамаларды ілгерілету және ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін бітімгершілік операциялар мен операциялық қолдау жөніндегі БҰҰ-ның департаменттерінде бос лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі мәселесі талқыланды.

Соңғы жаңалықтар