Қазақстан Норвегияның ұлттық мұнай қорындағы қаржыларын пайдалану тәжірибесін зерделейді - Үкімет басшысы

None
None
қпанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандық делегация Норвегияның ұлттық мұнай қорындағы қаржыларын пайдалану тәжірибесін зерделейтін болады. Бұл туралы бүгін Астанада Норвегия Корольдігінің мұрагер ханзадасы Хокон Магнуспен кездесуден кейінгі брифингте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан мен Норвегия арасындағы екіжақты қарым-қатынас мәселесі бойынша бүгін ұстанымды бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда онда энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелері қамтылған», деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Қазақстан делегациясының Норвегияға сапармен бару мәселесі келісілгенін жеткізген Премьер-Министр, «Онда Норвегияның ұлттық мұнай қорындағы қаржыландыруды пайдалану тәжірибесі тыңғылықты зерделенетін болады. Сондай-ақ онда білім беру, денсаулық сақтау және азаматтық қоғам институтының құрылымы мәселелері қаралады», деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысы Қазақстан Норвегияның жетістіктерін жоғары бағалайтынын, осыған байланысты бұл елдің құрылымдық жүйелеріндегі тәжірибесін зерттеуге қызығушылық танытып отырғанын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар