Қазақстан нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің орталықтандырылған рәсіміне көшті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің орталықтандырылған рәсіміне көшті. Бұл туралы халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нормативтік құқықтық актілерді тіркеуге қатысты тоқталсам, Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысындағы пилоттық жоба нәтижесі бойынша биылдың мамыр айынан бастап Әділет министрлігімен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу орталықтандырылған форматта жүргізіледі. Бұл процедураға көшу бірыңғай тәжірибені және өңірлік нормашығармашылық саласындағы мәселелерді уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етті», - деді министр.

Бұрын бұл рәсім Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен жүзеге асырылған.

Ведомствоның ақпараты бойынша аумақтық әділет органдарының штат саны оңтайландырылды. Үнемдеу шамамен 250 млн теңгені құрайды.

Бұған дейін Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру бойынша пилоттық жобаны сәтті іске асырды. Бұл оң нәтиже мен жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің орталықтандырылған форматын енгізудің орындылығын көрсеткендігін айта кетейік.


Соңғы жаңалықтар