Қазақстан нарығына ресейлік туристік операторлардың кіру қаупі бар - М.Пішембаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан нарығына ресейлік туристік операторлардың кіру қаупі бар. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев мәлім етті.

Вице-министр өз сөзінде «Гүлнәр тур» компаниясына қатысты орын алған жайттардан кейін еліміздегі туристік сала қиындыққа ұшырап отырғандығын атап өтті. Сонымен бірге қазақстандық нарыққа ресейлік туроператорлардың кіру мүмкіндігін де жоққа шығармады.

«Әрине, мұндай қауіп бар. Дегенмен, біздің өзімізде де жақсы туристік компаниялар жеткілікті. Бұған қоса, бұл мәселемен біздің ұлттық кәсіпкерлер палатасы да белсенді айналысып жатқанын білемін. Біз жай әшейін ғана нарықты беріп қоймаймыз деп ойлаймын», - деді М.Пішембаев.

Соңғы жаңалықтар