Қазақстан нарығы отандық заманауи жоғары технологиялы шамдармен қамтамасыз етіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Энерджи-Тараз» кәсіпорнында өндірілген шамдар 70 пайызға дейін энергия үнемдеуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, «Энерджи-Тараз» отандық нарықты заманауи жоғары технологиялы шамдармен қамтамасыз етпек, ол энергия үнемдеуші шамдар өндірісін ҮИИД бағдарламасының арқасында жолға қойды. Индустрияландыру картасына енгізілген энергияүнемдеуші жарықдиодты шамдардың өндірісінің жобасы (жоба құны 130 млн. теңге) 2011 жылы Жамбыл облысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарында энергия үнемдеу шараларын қолға алу туралы тапсырмасынан кейін жүзеге асырылды. Кәсіпорынның негізгі бағыты - құрамында сынабы бар энергияүнемдеуші шамдарды өндіру және кәдеге жарату. Зауытта ЕО жетекші елдерінің, Оңтүстік Кореяның, Түркияның жабдықтары орнатылған, шамды жасауда Корея, Болгария және Қытай өндірістерінің диодтары пайдаланылады. Мұндай шамдардан бөлек, «Энерджи-Тараз» жарықдиодты шамшырақтар шығарады. Оның ішінде безендірілген, қуаттылығы мен көлемі әр түрлі өнеркәсіптік, көше және кеңсе шамдары бар.

Осы кәсіпорындағы жарықдиодты бөлімінің негізгі мақсаты - Қазақстан халқы мен кәсіпорындарын үнемді әрі заманауи, сапалы әрі қауіпсіз жарық көздерімен қолжетімді бағада қамтамасыз ету.

Айта кетейік, Жамбыл облысының аумағында халық пен бюджеттік ұйымдардан істен шыққан шамдарды қабылдау үшін 11 пункт ашылмақ. «Энерджи-Тараз» ЖШС-нан хабарлағандай, өндіріс орнының республикалық бюджеттен бұдан әрі қаржыландыруымен жылына екі миллионға дейін шамды кәдеге жарата алатындай қуаты жеткілікті.

Бүгінде кәсіпорын жылына 15 мың шам шығарады. Өндірістің барлық кезеңдерінде сапаны тұрақты бақылауға ерекше көңіл бөлінеді. Жобаның жалпы құны - 130 млн. теңге, оның ішінде «Энерджи-Тараз» ЖШС-нің өз қаржысы - 71 млн. теңге.

Соңғы жаңалықтар