Қазақстан Нью-Йоркте тұрақты даму мақсаттарына қатысы есебін таныстырады - Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -ХІІ Астана экономикалық форумы аясында Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі бірінші қазақстандық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан аумағында тұрақты даму мақсаттарына арналған форум алғаш рет өтіп отыр. БҰҰ мүшелерімен білім және идея алмасу Астана экономикалық форумының тұрақты бөлігіне айналарына үміттенемін. Осы мүмкіншілікті пайдаланып, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Армида Салсия Алишахбана ханымға барлығымыз үшін де тұрақты әрі сапалы болашақ құруға бағытталған күш-жігері үшін ризашылығымды білдіремін», - деді шараның ашылуында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

Осы ретте Асқар Мамин ҚР Үкіметі әлемдегі экология сапасы, теңдігі мәселелерінде БҰҰ-ға толықтай қолдау көрсететінін айтты. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында адами даму жөніндегі есепте айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Бүгінде еліміз 198 елдің ішінде 58-орынға тұрақтағанына назар аудартты.
null

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл инвестиция және оны жүзеге асыру үшін мүмкіншіліктер жасап, технологиялық шешімдерді дамыту инвестициялық жобаларға арналған негіз екенін айтты.

«Қазақстан әлемнің жаһандық индексінде 17-орынға тұрақтады. Тұрақты даму мақсаттарының және оларға қатысты бастамалардың басым бөлігі біздің стратегиялық құжаттарымызбен барынша ықпалдастырылған. Үкімет БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары аясындағы бастамаларына да жан-жақты қолдау көрсетеді. Тұрақты даму мақсаттарын енгізудің алғашқы айларының бірінші ерікті есебін Нью-Йоркте саяси деңгейде ұсынбақпыз», - деді А.Мамин.
null

Соңғы жаңалықтар