Қазақстан «N» блогында «Коноко Филлипс» американдық компаниясының үлесін 30 млн. АҚШ долларынан астам қаржыға алды

None
None
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан «N» блогында «Коноко Филлипс» американдық компаниясының үлесін 32 млн. АҚШ долларына алды.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, «ҚазМұнайГаз» компаниясының Қашаған кен орнында «Коноко Филлипс» үлесін иеленуі жөніндегі мәселе Үкімет деңгейінде талқыға салынбақ.

«Қазақстан Қашағандағы «Коноко Филлипс» үлесін әлі сатып алған жоқ. Ведомствоаралық комиссия өзінің жұмысын жалғастырып жатыр. Шешім қабылдау үшін бізде уақыт бар. Егер де үндістандық ұлттық компания сатып алуға ниеттенген бағаға тоқталатын болсақ, ол - 5 млрд. долларға бағаланған еді»,-деп түйді С. Мыңбаев.

Соңғы жаңалықтар