Қазақстан Мысырдың Шарм-эш-Шейх шипажайына әуе рейстерін жандандыру мәселесін қарастырып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Мысырдың Шарм-эш-Шейх шипажайына ұшуларды қалпына келтіру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық аивация комитетіне сілтемемен РИА Новости агенттігі.

Бұған дейін Мысырдың Авиация министрлігі Қазақстан 19 наурыздан бастап Шарм-эш-Шейх шипажайлық қаласына ұшуларды қалпына келтіретінін мәлімдеген. Басқа бірқатар елдер сияқты, Қазақстан да ресейлік А321 әуе кемесінің Синайда апатқа ұшырауынан кейін Шарм-эш-Шейхқа ұшуларын тоқтатқан.

ААК-ның ақпаратынша, 18-22 қаңтар аралығында Қазақстан әуе авиациясының комиссиясы Шарм-эш-Шейх қаласының халықаралық әуежайында авиациялық қауіпсіздік жүйесінің азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша инспекциялық тексерісін өткізді.

Соңғы жаңалықтар