Қазақстан мұнайының электронды фотошежіресі жарық көрді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алдоңғар» мәдени даму қоғамдық қоры мен «Scribe Wizard» баспасы «Қазақстан мұнайы. Фотошежіре» атты электронды фотоальбомды жарыққа шығарды.

Басылымдар iBookstore, ЛитРес интернет-дүкендерінде сатылымға шықты.

Бұл 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл әрі Доссор кенінің игерілгеніне 100 жыл, Маңғыстау түбегіндегі алғашқы мұнайдың алынғанына 50 жыл толуына орай жарыққа шыққан фотоальбомның электронды нұсқасы болып табылады.

«Альбом беттерінде мұнайшылардың жеке архивіндегі суреттер, мемлекеттік мұражайда сақталған суреттер, дербес фотографтардың суреттері жинақталған. Аталған нұсқа қордың 2009 жылы шыққан «Мұнай мұрасы» атты көлемді баспа жобасының заңды жалғасы болып табылады», - дейді баспагерлер.

Сондай-ақ «Алдоңғар» қоры болашақта қазақ және қытай тілдерінде кітап пен қос тілде iOS пен Android жүйелерінде жұмыс жасайтын интерактивті мобильді қосымша жасап шығармақ.

Соңғы жаңалықтар