Қазақстан мұнайы Каспий құбыр консорциумы арқылы штаттық режимде экспортталып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұнайы Каспий құбыр консорциумының құбыр желісі арқылы штаттық режимде экспортталып жатыр. Бұл жайында ҚР Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каспий құбыр консорциумы» акционерлік қоғамы («ҚҚК-Р» АҚ) бұған дейін хабарлағандай, Новороссийск қаласы Приморск аудандық соты судьясының 2022 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен «ҚҚК-Р» АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды. Өндірістік процестің үздіксіз циклын ескере отырып, «ҚҚК-Р» АҚ судья қаулысының орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінді», - деп атап өтеді ведомстводан.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, консорциум қазірдің өзінде Ространснадзордың ұйғарымында көрсетілген құжаттық бұзушылықтарды жою үшін Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен жұмыс істеп жатыр.

«Қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды «КҚК-Р» АҚ құбыр жүйесі арқылы экспорттау штаттық режимде жүзеге асып жатыр», - деді миинстрліктен.


Фото: tass.ru
Соңғы жаңалықтар