Қазақстан мұнай өңдеу көлемін уақытша азайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан қай мерзімнен бастап бензинді экспорттайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 100 пайызға ішкі қажеттілікті қамтамасыз етеміз. Ағымдағы жылы 500-ден 650 мың тоннаға дейін бензин профициті болады. Бұл профицит 2019 жылдың бірінші айынан бері байқалып отыр. Осыған байланысты қаңтар-ақпанда біз мұнай өңдеу зауыттарында өндіру көлемін біршама төмендеттік», - деді министр Сенаттың жалпы отырысында.

Айта кетейік, бүгінгі жалпы отырыста «2010 жылғы 9 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

«Осы келісімді ратификациялағаннан кейін, Сенатқа мұнай өнімдерінің бөлек түрлерін реттеу мен айналымы туралы заңнамасымен келеміз. Бірінші тоқсанның соңында бензин экспортын бастаймыз, сондай-ақ осы жылға жоспарлаған өңдеу көлемінің орнын толтырамыз. Менің ойымша, бұл сала мемлекеттің бақылауында болады, ал экспорт қосымша табыс алып келеді. Яғни мұнай өңдеуші зауыттар қосымша табысқа ие болады», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар