+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының 10 лауреаты анықталды

2020 жылғы 26 қараша 20:01
Бөлісіңіз:
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының 10 лауреаты анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Қазақстан мұғалімі 2020» ұлттық сыйлығының 10 лауреаты анықталды. Бас жүлдені – Нұр-Сұлтан қаласындағы «НЗМ» филиалының химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаева жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Динара Бейсембаева — химия пәнінің мұғалімі, экология магистрі, «Расширенное Эссе» жетекшісі, ғылыми мақалалар мен басылымдардың авторы, дарынды балалардың білім алу қажеттіліктеріне арналған бағдарламаның жасаушыларының бірі. Оның оқушылары ғылыми сайыстардың және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

10 лауреат Қазақстанның атынан жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын «Әлем мұғалімі-2021» Жаһандық сыйлығына (Global Teacher Prize 2021) номинацияланатын болады.

Олардың қатарында Сыйлық жеңімпазы — Динара Бейсембаева, және 9 финалға қатысушылар бар. Атап айтар болсақ:

– Ольга Ким — Қарағанды қаласы, № 27 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың тіл дамыту маманы;

–Ержан Жұмаділов — Тараз қаласы, дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» мамандандырылған лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі;

– Алма Маханова — Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы бастауыш сынып мұғалімі;

– Дина Құдабаева — Қызылжар қаласы, «Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалының физика пәнінің мұғалімі;

– Арнур Қазыбеков — Нұр-Сұлтан қаласы, NURORDA мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі;

– Мейрамгул Жанаспаева — Семей қаласы, № 3 жалпы орта білім беру мектеп-кешенінде орыс тілі және әдебиет мұғалімі;

–Елена Варганова — Теміртау қаласы, № 16 жалпы орта білім беру мектебінде экология және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі;

– Жанар Жақсылықова — Павлодар қаласы, № 16 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі;

– Гүлнар Жақыпова — Нұр-Сұлтан қаласы, «Республикалық физика-математика мектебінің» математика мұғалімі.

2019 жылы Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры Global Teacher Prize Жаһандық сыйлығының ресми өкілі атанып, 4 000 000 теңге жүлде қоры тағайындалған «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын бастады.

Байқаудың мақсаты – озық мұғалімдерді анықтау, қолдау және көтермелеу, сондай-ақ елімізде педагог еңбегінің беделін арттыру.

«Қазақстан мұғалімі-2020» Ұлттық сыйлығына еңбек өтілі үш жылдан кем емес, кез-келген бастауыш және орта білім беру (орта мектептер, гимназиялар, лицейлер) педагогтары қатысуға мүмкіндік алды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT