Қазақстан монеталарында бейнеленген түркі тұлғалары

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан естелік және мерейтойлық монеталарды 1993 жылы шығара бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан 1993 жылы ұлттық валютаны енгізгеннен бастап естелік және мерейтойлық монеталар шығара бастады. Аталған монеталардан Шыңғысхан, Абылай хан, Әбілқайыр хан, атақты ғұлама әл-Фараби, сақ патшайымы Тұмар секілді тарихи тұлғаларды кездестіруге болады. Қазақстандық кей монеталардан түркі мифологиясы бойынша ерлік пен ар-намыстың символы саналатын көкбөріні де көзіңіз шалады.

Қазақстанның ұлттық банкі 2008 жылы салт атты Шыңғысхан бейнеленген 100 теңгелік номиналдағы 13 мың монетаны айналымға шығарды. 2011 жылы сақ патшайымы Тұмарға арналған 100 теңгелік күміс монеталар пайда болды.

2016 жылы Қазақстанда аверсінде - түркілердің атақты қолбасшысы Күлтегін, реверсінде - қазақстандық елтаңба бейнеленген монеталар шықты. 2015 жылы қазақстандық монеталарда әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің суреті пайда болды.



Шығыстың ұлы ғұламасы, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің бейнесі бедерленген монеталар 2011 жылы шыға бастады. Ал «Қазақстан петроглифтері» сериясына жататын 500 теңгелік «Түркі жауынгері» монетасы 2003 жылы басылып шықты.

Көкбөрінің суретін 2018 жылы басылып шыққан 200, 100, 500 және бес мың теңгелік естелік монеталардан кездестіресіз.

Айта кету керек, естелік және мерейтойлық монеталар негізінен сыйға тарту және нумизматтар коллекциясын толықтыру үшін жасалады.

Соңғы жаңалықтар