Қазақстан Молдовадағы сайлауға бақылаушыларды жібереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Молдовадағы сайлауға баратын бақылаушылардың тізімін бекітті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, Молдова Республикасы Парламент депутаттарының сайлауы ағымдағы жылы 24 ақпанда өтеді. Тізімде 9 байқаушы бар. Олар ТМД және ЕҚЫҰ миссиялары құрамында сайлауды бақылайды.

«Бұл сайлауды бақылауға қатысу туралы шақырулар алты саяси партияға жіберілген. Бірақ та олардың ішінен бір де біреуі өз кандидатурасын ұсынбағанын атап өткен жөн. ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында - алты байқаушы. Оның ішінде Орталық сайлау комиссиясынан екі адам, Президент Әкімшілігінен екі, жергілікті атқарушы органдардан біреу және де мәслиxаттардан бір адам бар. Алты байқаушының ішінде екі адамның кандидатурасы Шығыс Қазақстан облысынан ұсынылғанын атап өту керек. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушыларының құрамында ҚР Сыртқы істер министрілігінен бір кандидатура ұсынылды. Сосын Молдованың шақыруы бойынша екі адам бар», - деді З.Баймолдина. null

Отырыста комиссия мүшелері Молдоваға жіберілетін бақылаушылар тізімін бірауыздан қабылдады.

«Биыл Молдова, Украина, Литва және Өзбекстан мемлекеттерінде сайлау өтеді. Сондықтан аумақтық сайлау комиссияларының бақылаушы ретінде дайындалған адамдарды іріктеп жіберуі өте маңызды», - дейді ОСК төрағасы Берік Имашев.

Айта кетейік, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы өткен жылғы ауыл әкімдерін сайлау қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, былтыр елімізде 600-ге жуық әкім ауысқан. Биыл сайлау комиссияларының бес жылдық өкілеттік мерзімі аяқталып отыр. Осыған байланысты жергілікті жерде комиссиялардың құрамы өзгерді. Бұдан бөлек, аумақтық сайлау комиссияларына 500-ге жуық адам жаңадан жұмысқа қабылданды. Олардың жалақысы 250 мың теңгеге дейін барады.

Соңғы жаңалықтар