Қазақстан ММА Федерациясына жаңа президент сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан ММА Федерациясы кезекті республикалық съезінің шешімімен Федерация президенті болып Асылбек Дүйсенов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға еліміздің 13 өңіріндегі ММА федерациясының 30 басшысы мен бапкерлері қатысты. Онда федерацияның атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, жаңа жоспарлар құрылды.

Күн тәртібінде ММА Федерациясының президентін қайта сайлау мәселесі қаралды. Оған бұрынғы президент Анатолий Ким бастамашылық етті.

«Мен бұл қызметке ниеттесім әрі қызметтесім, осы Федерация құрылған кезден бастап аянбай тер төккен Асылбек Дүйсеновті ұсынамын. Бүгін сіздер оған дауыс беріп, қолдау көрсетесіздер деп үміттенемін», - деді ол.

Қатысушылар Асылбек Дүйсеновке бірауыздан дауыс берді.

Асылбек Дүйсенов 1980 жылы 19 ақпанда Ақмола облысы Зеренді ауданында дүниеге келген. Жоғары заң және экономикалық білімі бар. 2016 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған.

Ол спорттық қызметінен бөлек, 15 жылдан бері құқық қорғау органдарындағы қызметін қатар алып кетеді. Кикбоксингтен спорт шеберіне үміткер және джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы. Сондай-ақ, триатлонмен белсенді айналысады. 

null

Соңғы жаңалықтар