+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қазақстан металлургия өнімдерін өткізетін балама нарықтар іздейді

2020 жылғы 10 наурыз 13:05
Бөлісіңіз:
Қазақстан металлургия өнімдерін өткізетін балама нарықтар іздейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан металлургия өнімдерін өтізетін балама нарықтар іздейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Металлургия өнеркәсібінде неғұрлым жоғары бөліністі тауарлар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған мынадай шаралар қабылданатын болады: баламалы өткізу нарықтарын іздеу; қосылған құны жоғары өнім өндірісін дамыту; мұнай компаниялары отандық өндірушілерден құбырларды сатып алу; стратегиялық инвесторларды тарту», - деді бірінші вице-министр.

Оның атап өтуінше, химия өнеркәсібінде отандық кәсіпорындарды қолдау да бірнеше бағыт арқылы жүргізіледі.

«Алдымен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тек отандық минералды тыңайтқыш құнын субсидиялау, лак, боя, құрылыс материалдары және өнеркәсіптің басқа да салаларына шикізат өндіруге дайын кәсіпорындар үшін мемлекеттік қолдау шаралары, отандық жарылғыш заттарды шығарушы кәсіпорындар өнеркәсіптік химикаттарды өндірушілердің ұлттық компаниялары мен жүйе құраушы кәсіпорындар және жер қойнауын пайдаланушылар арасында ұзақмерзімді келісімшарттар жасау мүмкіндігі пысықталады», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT