Қазақстан мен Жапония тікелей авиарейсті қайта іске қосуды талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Ямада Джун екі ел арасында әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ИИДМ мәліметінше, кездесу барысында Жапонияға тікелей рейстерді қалпына келтіру, оның ішінде Токиоға 5-ші дәрежелі ауаны қолдана отырып рейстерді орындау мәселелері талқыланды.

«Тараптар екі ел арасындағы рейстерді орындау үшін авиациялық билік құрған құқықтық базаны, сондай-ақ Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Қазақстандық тарап Жапонияға рейстерді қайта бастауға дайын екендігін білдірді», - делінген баспасөз хабарламасында.



Фото: gov.kz




Соңғы жаңалықтар