Қазақстан мен Жапония арасында сирек кездесетін элементтер өндіру бағытында ынтымақтастық арта түспек

None
None
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Жапония арасында сирек кездесетін пайдалы қазбалар элементтерін өндіру тұрғысындағы ынтымақтастық арта түседі.

Бұл жайында бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездескеннен кейін Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Юкио Эдано мәлім етті.

Оның айтуынша, Жапония Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға әрқашан да қызығушылық танытып келеді. Осы жолы сирек кездесетін элементтерді өндіру саласына байланысты тиісті құжаттар бекітілді. «Меніңше, бұл салада Қазақстанның маңыздылығы тек арта түседі деген ойдамын»,-деп атап өтті министр.

Жапония тек табиғи ресурстарды өндіруде ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялар бағытында  да байланыстарды дамытпақ. «Менің ойымша, бізде жоғары технологиялар болғандықтан, тиімді өндіру саласында пайдамызды келтіре аламыз»,-деп түйіндеді Юкио Эдано.

Соңғы жаңалықтар