Қазақстан мен Жаңа Зеландия сүт кешендерін құру жобаларын жүзеге асырмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Жаңа Зеландияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иэн Хилмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ауыл шаруашылығының қазіргі саясаты, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары туралы пікір алмасты. А.Сапаров Қазақстанның аграрлық компанияларының және Жаңа Зеландияның ауыл шаруашылығы техникасы мен технологияларын жеткізетін компаниялар арасындағы коммерциялық ынтымақтастық перспективаларын талқылауға дайын екендігін айтты», - делінген ҚР АШМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, тараптар сүт және қой шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударды. Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамыту мәселелерін шешудегі Жаңа Зеландияның технологияларын қолдану сапалы мал шаруашылығы өнімдерін шығарумен тиімді сүтті мал мен қой шаруашылығын дамыту үшін негіз қалауға мүмкіндік береді.

Жаңа Зеландия - сүтті ауыл шаруашылығында инновациялық ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиясын шығаратын ел. Осыған байланысты тараптар «Қазақстан аумағында қазақстандық өнімдерді экспортқа шығаруды жалғастыра отырып, Жаңа Зеландия технологиялары мен жабдықтарын пайдаланатын сүт кешендерін құру бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады. Бұл бағыт Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасындағы технологиялық көпір салудың басталуы десек те болады», - деп атап өтеді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар