Қазақстан мен Венгрия арасында жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер мол

None
None
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен бизнес-форум барысында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов венгриялық инвестициялар үшін басымдықты бағыттарды атады.

Осы тұрғыда Премьер-Министр қазақстандық инвестициялық климаттың тартымдылығының негізгі факторы макроэкономикалық тұрақты дамуға байланысты екенін ескеріп өтті. Айта кетейік, 2011 жылы еліміздің ІЖӨ-сі  7,5  пайызға өсті.

«Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының көшбасшы секторларының бірі. Ауыл шаруашылығы деңгейінің дамуы бұған дейін де және алдағы уақытта да экономикалық, әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың негізгі детерминанты болып қала бермек. Біз астық  өсіруде, сондай-ақ ұн өндіруде көшбасшы орындарда тұрмыз және мал шаруашылығы мен сут өндіру саласында әлеуетіміз жоғары», -деді К. Мәсімов.

Осы орайда Премьер-Министр бұл салада Венгрияның инновациялық тәжірибесін енгізу бойынша қызығушылық бар екендігін айтып өтті. Үкімет басшысының пайымдауынша, инжиниринг, химия өнеркәсібі, туризм секторлары ынтымақтастықты тереңдетуде болашағы бар бағыттар.

Бүгінде Қазақстанда мұнай өңдеу, ауыл шаруашылығы, химия және фармацевтика өнеркәсібінде 50-ден астам бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы Венгриямен арадағы тауар айналымы 270 млн. АҚШ долларынан астам қаржыны құрады.

Соңғы жаңалықтар