Қазақстан мен Үндістанның стратегиялық ынтымақтастығын дамыту үшін Жол картасы қабылданады - Елбасы Н.Назарбаев

None
None
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан мен Үндістанның стратегиялық ынтымақтастығын дамыту үшін Жол картасы қабылданады. Бұл туралы бүгін Ақордада Үндістанның Премьер-Министрі Манмохан Сингхтің ресми сапары аясындағы кеңейтілген келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-Министрімен халықаралық және мемлекетаралық қарым-қатынастар мәселесі бойынша пікір алмасу болғанын жеткізді. Елбасы екі ел де қаржылық дағдарыстан табысты шығып отырғанын айтып өтті.

«Үндістан 8,6 пайызға, ал Қазақстан экономикасы 7 пайыз өсімге қол жеткізді. Бұл өз кезегінде екіжақты сауда бағыттарын ынталандырды. Яғни, сауда айналымы дағдарысқа дейінгі деңгейге жетті», - деді Н.Назарбаев.

Президенттің сөзіне қарағанда, сауда айналымының көлемі 370 миллион АҚШ долларын құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар