Қазақстан мен Үндістан ынтымақтастық бағыттарын белгіледі

None
None
БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 21-24 желтоқсан аралығында Делиде Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің қолдауымен сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-үндістандық біріккен жұмыс топтарының 5-ші отырысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Кездесу барысында тараптар сауда, энергетика, инвестиция тарту, индустрия, транспорт пен логистиканы дамыту, туризм, фармацевтика, ауылшаруашылық, ақпараттық технологиялар, тау-кен және тігін өнеркәсібі салаларындағы, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ пен Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транспорттық дәліздер аясындағы  ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Отырыс соңында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Қайрат Төребаев пен ҮР Коммерция және индустрия министрлігінің ТМД елдерімен ынтымақтастық бойынша департаментінің директоры Сунил Кумар хаттама қол қойды. Келесі отырыс 2017 жылы Қазақстанда өтеді деп жоспарлануда.

ҚР-дың Үндістандағы елшілігі ұйымдастырған іс-шара аясында ҚР Инвестиция және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғалиев пен Үндістан туризм министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Суман Билл кездесті.  Келіссөз барысында тараптар екі ел арасында, әсіресе ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясында туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарады.

Қазақстандық делегация құрамына ұлттық экономика, инвестиция және даму, энергетика министрлігінің, сондай-ақ бірнеше ұлттық және жеке компаниялардың өкілдері кірді. 

null

Соңғы жаңалықтар