Қазақстан мен Үндістан әскерлері Головкинді қолдау үшін Аманкелді шыңын бағындырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Үнді елінің әскери альпенисттері қазақстандық боксшы Генадий Головкинді қолдау мақсатында шыңды бағындырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан және Үндістан Республикалары арасында екіжақты ынтымақтастық пен тәжірбие алмасу аясында Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының таулы дайындық орталығында екі елдің Қарулы Күштерінің таулы бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі өтті.

Әскери қызметшілер екі апта шамасында Іле Алатауында өздерінің дағдыларын сақтандыру арқаны әдістерін жетілдірді, оқу сақтандыру қабырғасында жұмыстар жүргізіп, қоласты құралдарымен зардап шеккендерді тасымалдауда, таулы өзендер арқылы өткелден өту сұрақтары бойынша тәжірибе алмасты.    

Жиын соңында әскери альпинистер Аманкелді (4010 м) мен Нұрсұлтан (4330 м) шыңдарын бағындырып, 5 қазанда Нью-Йорк (АҚШ) қаласында болатын қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жегіне арнап 5 тілде бейнеролик түсірді.  

«Таулы бөлімшелердің бірлескен оқу-жаттығу жиыны екі елдің таулы бөлімшелердегі әскери қызметшілерді дайындау жұмысында тиімді пайда әкеледі. Әскери қызметшілердің жаттықтырудағы біздің жүйе басқа елдер арасында танымал. Себебі біз, Кеңестік альпинистер мектебінің жаттығу жүйесі мен тәжірбиесіне сүйене отырып, бұл тәжірибені біздің альпинистерді дайындау жұмысындағы заманауи техникалармен біріктіреміз. Бұл өз кезегінде таулы аймақта жауынгерлік қимылдар жүргізуде тәжірибесі мол Үндістандағы біздің әріптестер, әскери альпинистерді дайындаудағы жаңа дағды мен техникаларды игеруге жақсы мүмкіндік» - деп атап өтті ҚР ҚМ СК-АОСК Таулы дайындық орталығы бастығының орынбасары, подполковник Аманжол Рахметов.      

Соңғы жаңалықтар