+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Қазақстан мен Үнді елінің әскери альпинистері Геннадий Головкинге  қолдау көрсетті

2019 жылғы 27 қыркүйек 22:50
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Үнді елінің әскери альпинистері Геннадий Головкинге  қолдау көрсетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан және Үндістан Республикалары арасында екіжақты ынтымақтастық пен тәжірбие алмасу аясында екі елдің Қарулы Күштерінің таулы бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық бітімгерлер Қызыл Крест тренингінен өтті 13 қараша - Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің күні Қорғаныс министрлігінің офицерлері Аягөз гарнизонының басшылығына әдістемелік көмек көрсетті

Оқу-жаттығу Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының таулы дайындық орталығы базасында өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери қызметшілер екі апта шамасында Іле Алатауында өздерінің дағдыларын сақтандыру арқаны әдістерін жетілдірді, оқу сақтандыру қабырғасында жұмыстар жүргізіп, қоласты құралдарымен зардап шеккендерді тасымалдауда, таулы өзендер арқылы өткелден өту сұрақтары бойынша тәжірибе алмасты.

Жиын соңында әскери альпинистер Аманкелді (4010м) пен Нұрсұлтан (4330 м) шыңдарын бағындырып, 5 қазанда Нью-Йорк (АҚШ) қаласында болатын қазақстандық былғары қолғап шебері Генадий Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен ұрысына арналған 5 түрлі тілде бейнеөтініш жазды.


«Таулы бөлімшелердің бірлескен оқу-жаттығу жиыны екі елдің таулы бөлімшелердегі әскери қызметшілерді дайындау жұмысында тиімді пайда әкеледі. Әскери қызметшілерді жаттықтырудағы біздің жүйе басқа елдер арасында танымал. Себебі біз, Кеңестік альпинисттер мектебінің жаттығу жүйесі мен тәжірбиесіне сүйене отырып, бұл тәжірибені біздің альпинистерді дайындау жұмысындағы заманауи техникалармен біріктіреміз. Өз кезегінде таулы аймақта жауынгерлік қимылдар жүргізуде тәжірибесі мол Үндістандағы біздің әріптестер, әскери альпинистерді дайындаудағы жаңа дағды мен техникаларды игеруге жақсы мүмкіндік» - деп атап өтті ҚР ҚМ СК-АОСК Таулы дайындық орталығы бастығының орынбасары подполковник Аманжол Рахметов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT