14:56, 18 Наурыз 2023 | GMT +6
Қазақстан мен Ұлыбритания таза сутегі мен аса маңызды минералды шикізат дамыту бойынша келісім бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанаға алғаш рет ресми сапармен келген Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму істері жөніндегі министрі Джеймс Клеверлимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Біріккен Корольдік Қазақстанның ТОП-10 инвесторының қатарына кіреді: 2005 жылдан бастап республикаға шамамен $16,5 млрд тікелей инвестиция салынды. Оң өсу үрдісі соңғы жылдары да жалғасып жатыр.
Ол өзара сауданы кеңейту аясында Қазақстан Ұлыбританияға 100-ден астам тауар позициясы бойынша $800 млн жуық сомаға өнім экспортын ұлғайтуға дайын екенін айтты. Бұл ретте энергетика бойынша «жасыл» сутегі өндіру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, ал логистикалық салада – Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту қызығушылық тудырады.