+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қазақстан мен Ұлыбритания Brexit-тен кейінгі ынтымақтастық туралы келісімді талқылайды

2019 жылғы 20 қазан 10:29
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Ұлыбритания Brexit-тен кейінгі ынтымақтастық туралы келісімді талқылайды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Майкл Джон Гиффорд Лондон мен Нұр-Сұлтанның Brexit-тен кейінгі ынтымақтастығының негізі болатын келісім жайлы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлыбританияда Brexit құрметіне монета шығарылады

«Ұлыбританиямен мен Қазақстан Brexit-тен кейінгі ынтымақтастығымызды қамтитын келісімнің шарттарын талқылайды», - деп мәлімдеді британ елшісі.

«Британия-Қазақстан стратегиялық әріптестігінің маңызы, соның ішінде сауда және инвестициялық қатынастар Brexit-тен кейін де өзгеріссіз қала бермек», - деді ол.

Ұлыбритания әлі Еуропа одағынан толықтай шығып үлгерген жоқ. Яғни, әлі де Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің бір бөлігі. Осы құжатты Британия парламенті былтыр мақұлдаған.

Елші Гиффордтың айтуынша, ресми Лондонның әзірге Қазақстанмен не болмаса Еуразия экономикалық одағымен бөлек сауда келісімін жасасу жоспары жоқ.

Айта кетейік, Ұлыбритания Қазақстанның ең ірі сауда серіктерінің ондығына кіреді. Соңғы 13 жылда елімізге салынған британ инвестициясы 13 млрд доллардан асқан.

Еске салайық, бұған дейін Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығуының Қазақстанға ықпалы туралы Еуропаның Азияны зерттеу институтының өкілдері пікір білдірген болатын.

Авторы Тимур Дүйсекеев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT