Қазақстан мен Түркияның экономикалық құрылымы әртүрлі - Түркияның Бас консулы

None
None
АЛМАТЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркияның экономикалық құрылым әртүрлі болғанмен негізгі  экономикалық қағидаттары және тәртібі бірдей.

Бұл туралы Қазақстандағы Түркияның Бас консулы Садин Аййылдыз бүгін Алматыда өткен Қазақ-түрік бизнес форумында айтты.

«Қазақстан экономикасы негізінен шикізаттық сектордың экономикасы. Шикізат секторы экономика үшін маңызды болғанмен, нақты және өнеркәсіптік экономиканы да дамыту қажет. Онда шағын және орта бизнес субъектілері өте үлкен рөл атқарады», - дейді С. Аййылдыз.

Бас консулдың айтуынша, шағын және орта бизнестің дамуы жаңа жұмыс орындарын ашып, салықты көбейтіп, өзіндік құнды арзандатады. Сондай-ақ инфляция деңгейін төмендетеді.

 «Екі ел де экономикалық қатынастарды дамытуға мүдделі. Даму институттары бұл мақсатқа қол жеткізуді жеңілдетеді. Екі күн бұрын Қазақстанның «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Түркияның «КОСГЕБ» шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау ұйымы таныстырылымдарын жасаған болатын. Бұл шара өзара тәжірибе алмасудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар