Қазақстан мен Түркияны дәстүрлі бауырластықпен қатар халықтарымыздың болашақтағы ортақ идеялары да байланыстырады - Түркия Премьер-Министрінің орынбасары Эмруллах Ишлер

None
None
ЫСТАМБҰЛ. ҚазАқпарат - Анкарада Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевтың жаңадан тағайындалған Түркия Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Эмруллах Ишлермен кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында Елші Ж.Түймебаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен сыртқы саясаттағы бастамалары жөнінде хабардар етіп, ҚР Президентінің "Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауының елшілік тарапынан түрік тіліне аударылған негізгі қағидаларымен таныстырды.

Сұхбаттасушылар қазақ-түрік қарым-қатынастарының қарқынды дамып жатқан сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту аясындағы кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Түркия Премьер-Министрінің орынбасары Э.Ишлер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауының мазмұнын жоғары бағалап: "Қазақстан мен Түркияны дәстүрлі бауырластық және достық қатынастар ғана емес, сондай-ақ біздің халықтарымыздың болашақтағы ортақ идеялары да байланыстырады. "Қазақстанның 2050" Стратегиясы - бұл нақты мерзім үшін көзделген ауқымды бағдарлама" - деген пікірін білдірді.

Кездесуге қатысушылар бауырлас екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жағымды дамуын атап өтіп, келешекте экономикалық, мәдени-гуманитарлық қызмет саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту екі елдің де мүддесіне сай келетінін атап өтті.

Сондай-ақ Э.Ишлер аймақтағы интеграциялық үдеріс тұрғысынан, сонын ішінде ҚР Президентінің бастамасы бойынша құрылған Түркі Кеңесі, Түркі Академиясы сияқты екіжақты ыңтымақтастықтың сәтті дамуына сенім білдірді.

Аталмыш кездесу қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан-Түркия ыңтымақтастығы барлық салада да нығая түсетініне сенімдерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар