+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қазақстан мен Түркия бір-бірінің халықаралық бастамаларына үнемі қолдау көрсетеді - Түймебаев

2020 жылғы 11 наурыз 18:38
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Түркия бір-бірінің халықаралық бастамаларына үнемі қолдау көрсетеді - Түймебаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Қазақстандағы Түрік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Түркия стратегиялық серіктестер болып табылады. Екі елдің тарихында, тілі мен мәдениетінде ұқсастық пен сәйкестіктер көп.

Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған мемлекеттердің бірі. 1992 жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Ал Қазақстанның шетелдегі алғашқы елшілігі Анкара қаласында ашылған болатын.

«Біз ортақ тұрақты болашақ құру мақсатында көпжақты ынтымақтастық құруға ұмтылып келеміз. Бүгінгі таңда екіжақты өзара ықпалдастық барлық салаларды қамтып, серпінді дамуда», - деді Жансейіт Түймебаев.

Біздің елдеріміздің әлемдік қауымдастықтағы ұстанымдары да үндес. Қазақстан мен Түркия бір-бірінің халықаралық бастамаларына үнемі қолдау танытып отырады. Екіжақты сыңдарлы диалогтан басқа, екі ел әлемдік қауымдастық алаңдарында да көпжақты серіктестік бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.

Түркия Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлін мойындайды және оны аймақтағы маңызды серіктес деп санайды.

Екі ел үшін де жалпытүркі елдерінің өзара интеграциялануы өзекті мәселе болып табылады. Түркі ықпалдастығы жөніндегі басты саяси ұйым – Түркі кеңесі екі елдің бастамасымен құрылған болатын. Бүгінде халықаралық деңгейдегі түркі әлеміне қатысты мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, нәтижелілігін арттыру туралы мәселелердің маңыздылығы жоғары болып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT