Қазақстан мен Түркия арасындағы деңсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңеюде

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 19 марта. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық облыстарының денсаулық сақтау мекемелерінен келген өкпе ауруы фтизиатор дәрігерлері тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Түркияда кәсіби машықтану мерзімінен өтті.

Аталмыш іс-сапар оқыту бағдарламасы аясында Түркия Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) қолдауымен ұйымдастырылды.

Сапар барысында қазақстандық денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері Анкарадағы Ататүрік атындағы Орталық ауруханасында болып, Түркияның өкпе ауруларының хирургиясы, өкпенің онкологиялық ауруы мен диагностикасы саласындағы іс тәжірибесімен танысып, кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Біліктілікті арттырып, тәжірибе алмасу бағдарламасы соңында қатысушыларға Түркияның денсаулық сақтау Министрлігі мен ТИКА агенттігінің сертификаттары табыс етілді. Сонымен қатар қазақстандық делегация Анкарадағы М.Төлебаев жылының ашылу салтанатына қатысқан болатын.

Анкарада делегация өкілдері Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевпен кездесті. Кездесу барысында елші Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым -қатынастың қазіргі жағдайы мен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ортақ жобаларының іске асырылуы жөнінде хабардар етті. Сондай-ақ қатысушыларға ҚР Түркиядағы Елшілігі тарапынан басылып шағарылған түрік тіліндегі кітаптар мен журналдар таратылды.

Сапар барысында делегация өкілдері «Медлайн» клиникасын аралап, аурухананың штаттық жұмыс жүйесімен, сонымен қатар ауруларды емдеу әдістері мен қазіргі заманғы технологиялармен танысты.

Айта кетерлігі, 2012 жылы ТИКА агенттігі Түркияда қазақстандық Орталық клиникасында 4 өкпе ауруы дәрігерін, Анкараның З.Тахир атындағы ана мен бала клиникасында 20 маман, Орталық балалар ауруханасында 10 дәрігер, сотмедсараптама саласында 10 маман және Ататүрік атындағы Орталық ауруханасында 10 хирург дәрігерлер үшін оқыту бағдарламасын ұйымдастырған болатын.

Соңғы жаңалықтар