Қазақстан мен Түркия арасында Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Түркия арасында Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында рәсімделді.

Министрліктен мәлім еткендей, Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесіп, оның барысында екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжатқа қол қойылған.

«Сонымен қатар генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің орталығында болды. Бұдан өзге Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлумен кездесті», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.


Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияда жүр.

Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.

Оның нәтижесі бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында 14 маңызды құжатқа қол қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан мен Түркия Президенттері кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады.

Күннің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Бүгін Президенттің Түркияға сапары жалғасты.


Соңғы жаңалықтар