Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлу туралы келісім қабылданды - Парламент

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы Каспий теңізінің түбін Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында бөлу туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, аталған келісімге 2014 жылдың 2-і желтоқсанында Ашхабад қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркіменстанға сапары аясында Мемлекет басшысы мен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов арасында қол қойылған.

«Келісімнің басты мақсаты екі ел арасында Каспий теңізінің түбін және қойнауын бөлу сызығын белгілеу болып табылады. Бұл арқылы Қазақстан мен Түркіменстан жер қойнауын пайдалануға қатысты суверенді құқығын жүргізу үшін жағымды жағдайлар қалыптасатын болады», - деді СІМ.

Оның айтуына қарағанда, келісімде бөлу сызығының бастапқы нүктесі болып Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы екі елдің шекарасын делимитациялау жөніндегі 2001 жылдың 5 шілдесіндегі келісімшарттың №1 қосымшасында көрсетілген №13 шекаралық нүкте ретінде қарастырылған. Ал бөлу сызығының соңғы нүктесі жеке халықаралық келісімшарт бойынша айқындалатын Қазақстан, Түркіменстан мен Әзербайжан арасындағы теңіздегі бөлу сызығының түйіскен нүктесі болып табылады. Тұтастай алғанда, аталған келісім Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлуге қатысты Қазақстан мен Түркіменстан арасында дауларды болдырмауға, Каспий теңізінің түбімен жер қойнауының ресурстарын барлауға, игеруге арналған егеменді құқықтарды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Каспий теңізі түбінің қазақстандық секторының халықаралық тартылған шектерін айқындау процесін аяқтауға ықпал ететін болады. Осының нәтижесінде Қазақстан Каспий теңізінің өзіне тиесілі бөлігінде жерасты барлау жұмыстарын жүргізе алады. Парламент Сенаты қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар