Қазақстан мен Түрікменстан Сыртқы істер министрліктері арасында консультация өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Түрікменстан Сыртқы істер министрліктері арасында консультация өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 4 қазанында онлайн форматта Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Веп Хаджиевтің төрағалығымен кезекті Қазақстан-түрікмен Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтеді», - деді ол министрлікте өткен апталық брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, тараптар стратегиялық әріптестік рухында Қазақстан-түрікмен ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылауды жоспарлап отыр.

«Бұл тұрғыда алдағы халықаралық іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылатын болады», - деді Айбек Смадияров.


Фото: gov.kz





Соңғы жаңалықтар