Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түрікмен тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-түркімен стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Ү.ж. 6 тамызда Түрікменбашы қаласында өткен Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.


Соңғы жаңалықтар