Қазақстан мен Түрікменстан шекарасындағы режимге қатысты қажет нормалар қабылданды - депутат

None
Видеодан алынған кадр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Парламентіндегі Jibek Joly телеарнасының мобильді студиясында Мәжіліс депутаты Максим Рожин палата отырысында қабылданған Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы заңы бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң қабылдады.

Келісімнің басты мақсаты – құқықтық негізді белгілеу және мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынасты реттеу.

«Екі елдің үкіметтері арасында Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 2021 жылғы 25 қазанда қол қойылған еді. Заңнама бойынша мұндай келісімдер ратификациядан өтуі керек. Құжат Парламент қарауына былтыр шілдеде енгізілген еді. Жалпы, шекараны белгілеу және оның демаркациясынан кейін шекарадағы тиісті тәртіпті орнату ескерілген. Бүгін жалпы отырыста депутаттар екі ел шекарасынан адамдардың өтуі проблемаларын көтерді. Бұл тұрғыда жол мәселесі, өткізу бекеттеріндегі жағдай және басқа да назар аударатын тақырыптар бар. Осы заң аталған мәселелерді реттейді», - деді М. Рожин.

Оның айтуынша, құжат аясында шекарадан азаматтардың, жүк көліктерінің өтуіне тиісті жағдай жасау үшін қажет нормалар ескерілген.

«Бұл тұрғыда екі ел хақының қарым-қатынасына оң әсер ететін болады, сондай-ақ шекарашылардың қарым-қатынасын реттейді», - деді депутат.

Сонымен қатар Максим Рожин ҚР Парламентінде Jibek Joly телеарнасының мобильді студиясының ашылуы дұрыс бастама екенін айтты.

«Осы орайда Парламенттегі жұмысты халыққа түсінікті жеткізудің жақсы амалы», - деді депутат.

Айта кетейік, Jibek Joly телеарнасының мобильді студиясы апта сайын ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысын тікелей эфирде көрсетуге мүмкіндік береді. Интерактивті ресурс қазақстандықтардың әлеуметтік өміріне әсер ететін мәселелер мен қоғам талаптарын талқылау бойынша, заң шығару процесіне қатысты мәлімет таратады. Тікелей эфир күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қамтып, Jibek Joly журналистеріне депутаттық корпустың жұмысына қатысты сенімді ақпаратты телекөрерменге live форматында жедел жеткізуге жол ашады.

Бұған дейін аталған студияда Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин палата отырысында қабылданған заң талаптарын түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар