Қазақстан мен Түрікменстан ратификациялау грамоталармен алмасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы Каспий саммиті алаңында Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау жөніндегі грамоталармен алмасу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тиісті хаттамаға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Түрікменстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қол қойды.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартқа 2017 жылдың 18 сәуірінде Астанада президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы тең құқылық, өзара сенім және жан-жақты ынтымақтастық негізінде стратегиялық әріптестік қатынастарды орнатады, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды қазақстандық-түркімен ынтымақтастығының әлеуеті мен өзекті қажеттіліктеріне сәйкес сапалы жаңа деңгейге шығарады.

Аталған Шарт өзінің ережелеріне сәйкес үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар