Қазақстан мен Түрікменстан Президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түрікменстан Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл сапардың айрықша мән-маңызы бар. Биыл Қазақстан мен Түрікменстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толып отыр. Осы кезең ішінде ынтымақтастығымыз барынша нығая түсті. Түрікменстан біз үшін бауырлас, достас ел. Сондай-ақ маңызды әрі сенімді серіктес. Елдеріміздің салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі мен діні ұқсас, тарихымых тамырлас. Біз түбі бір түркі халықтарымыз», - деді Қазақстан Президенті бірлескен мәлімдемеге қол қою рәсімнен кейін.

Мемлекет басшысы екі ел әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп келе жатқандығын баса айтты.

«Осындай құндылықтар ең басты байлығымыз. Сондықтан бауырлас қарым-қатынасты нығайту ортақ парызымыз. Бүгін екі елдің мүддесіне сай келетін аса маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық. Сондай-ақ бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Бірқатар маңызды келісімшартқа қол қойдық. Осы сапар қазақ-түрікмен ынтымақтастығын дамытуға тың серпін береді деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Фото:akorda.kz



Соңғы жаңалықтар